ШҚО әкімі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі халықпен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Сондай-ақ тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

— Бүгінгі кездесудің мақсаты – агроөнеркәсіптік кешен саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы облыс халқын хабардар ету. Шығыс Қазақстанда бұл сала тұрақты дамып келеді. Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде өңірдің үлесі 6%-ды құрайды, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айдарбек Сапаров жиналғандарға мал және өсімдік шаруашылықтарын дамыту үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатқанын, арнайы бағдарламалар жайлы және субсидияларды қалай алуға болатыны туралы жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ кездесу барысында көпті толғандырған сауалдарға жауап беріліп, саладағы өзекті мәселелер талқыға салынды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан ел бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамытуда алдыңғы лекте тұр. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңірден экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 343 млн АҚШ долларынан асқан.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...