Қыркүйек айында стоматологиялық қызмет құны өткен аймен салыстырғанда 0,4%, ал жылдық көрсеткіште 11,2% өскен.
Соңғы айдағы күрт өсім елдегі 20 облыстың 4-еуінде байқалған. Шымкентте 10%, Қостанайда 1,4%, Шығыс Қазақстанда 1,2% және Қарағанды облысында 0,4%. Қалған 16 өңірде баға өткен аймен салыстырғанда өспеген.
Ал стоматологиялық қызмет құнының жылдық көрсеткіші барлық аймақта өсіп отыр: Атырау 29,7%, Ұлытау 26,6%,
Шымкентте 20,4%.
Ең төмен өсім Жетісу облысында – 1,8%, Астана қаласында – 2,7% және Түркістан облысында – 3,7%.