ШҚО-да «Altay Invest-2025» халықаралық форумы басталды

Өскеменде «Altay Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумы басталды. Оған әлемнің бірнеше елінен инвесторлар, дипломаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып жатыр. Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз сөзімен ашты.

«Шығыс Қазақстанға қош келдіңіздер! Сіздерді көріп, форум аясында қарсы алу – біз үшін зор мәртебе. Соңғы жылдары елімізде талай өзгеріс болып, бүгінде ірі жобаларды қолға алуға жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Осы форум өңірдің ашық диалогқа, ынтымақтастыққа және жаңа инвестицияларға дайын екенінің айқын көрінісі. Сіздермен тек облыстың емес, мұқым республиканың экономикасын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жобаларды талқылауға әзірміз. Өндірісі қарқынды, мәдени мұрасы бай, тамылжыған табиғаты бар Шығыс Қазақстанның Қытай және Ресеймен шекаралас орналасуы да ел картасындағы айрықша орнын паш етеді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанға 3 трлн теңге шамасында инвестиция құйылды. Ал осы жылы 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Қазір өңір аумағында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар жүздеген жұмыс орындарын ашуға және облыс экономикасын нығайтуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, «Altay Invest-2025» форумында Шығыс Қазақстан мен шетелдік инвесторлар арасында маңызды келісімдерге қол қойылып, түрлі жобалар қолға алынады деп күтіліп отыр.

Новые статьи

Усть-Каменогорск отмечает 306-летие

Сегодня Усть-Каменогорск отмечает 306-й день рождения. В честь Дня города в областном центре проходит праздничная программа, которая с самого утра собирает жителей и гостей...

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...

В Усть-Каменогорске прошел вечер классической музыки «Звездные часы оперетты»

В Усть-Каменогорске прошел музыкальный вечер «Звездные часы оперетты», приуроченный ко Дню города. Концерт объединил классическую музыку, популярные произведения и интерактивы со зрителями. Вход для...