в

Өскеменде 147 адамға іздеу жарияланған

Источник фото: МВД РК

Олардың ішіндегі 51-іне қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланса, 33 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер. 20 адам соттан жасырынып жүргендер болса, 30 адам қаржы ұйымдарына қарызын өтемегендер мен алимент төлеуден жалтарғандар. Бұл туралы қалалық Прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұл статистикаға кім екендігі белгісіз 13 мүрде де қосылып кеткен. Ал заң бойынша олардың кім екендіктері анықталуы тиіс. Сонымен қатар жеке сот орындаушылары тарапынан жасалған заңбұзушылықтар тіркелді. Олар кей азаматтарды іздеуді тек формальды түрде жүргізген.

— Жалпы қазіргі таңда Өскеменде жоғалғандарды іздеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Қалалық прокуратура полицияға бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды, — делінген ақпаратта.

Врачей в Казахстане обеспечат жильем и дополнительной поддержкой

Где проверить: открыта ли дорога? Полезные сервисы для казахстанских водителей