ШҚО-да ауруханаларды жөндеуге және сирек кездесетін дәрілерді алуға қаражат табылды

Шығыс Қазақстан облысында бюджет қаржысы қайта бөлінген соң аудандық және облыстық ауруханалардағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Осылайша, Өскемендегі облыстық арнайы медицина орталығының урология бөлімшесі жаңғыртылып, Зайсан ауданында мәйітхана жаңартылып, жұқпалы аурулар бөлімі жөнделеді.

— Инфекциялық бөлімше тым ескі, іштегі жабдықтар тозған. Шұғыл түрде жөндеу қажет. Егер билік уәде еткендей бәрі іске асса, онда ем алу әлдеқайда жайлы болады, — дейді жергілікті тұрғындар.

Сонымен қатар Тарбағатай ауданында аурухана мен емханадағы ескі жылу және сумен жабдықтау жүйелері жаңартылады. Ал Күршімде стационардың екі қабаты мен мәйітхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіледі.

— Бірнеше жылдан бері жөндеуді күтіп тұрған медициналық мекемелер бар. Бұл — пациенттердің қауіпсіздігі мен медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайы үшін маңызды. Сол үшін қаражатты осы салаға бөлуге тырыстық, — деп хабарлады облыстық мәслихаттан.

Дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі де өзекті. ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, орфандық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрімен қамтамасыз етуге 358 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Мұндай науқастарды емдеу қымбат тұратын арнайы препараттарды қажет етеді. Оларды баламамен алмастыру мүмкін емес. Қазіргі таңда өңірде 13 ересек және 41 бала осындай дәрілерді алып отыр.

— Мұндай диагнозы бар науқастар үшін дәрі ішудегі азғантай үзілістің өзі ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан дәрімен қамтудағы қаржыландыру мәселесі әрдайым аса өзекті, — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...