Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Алтай қаласындағы Горький көшесіндегі тұрғын үйдің қабырғасында муралдың салтанатты ашылуы өтті.
Бұл маңызды мәдени оқиға Қазақстанның рухани мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын айқындайды.
Жаңа арт-нысан қаланың келбетіне сән беріп қана қоймай, Абай тұлғасына деген терең құрметтің символына айналып отыр. Абайдың адамгершілік, кісілік және ағартушылық туралы ой-толғамдарға толы шығармашылығы қазақстандық ұрпақтарды әлі күнге дейін шабыттандырып келеді.
Ашылу салтанатына өңірде тұратын түрлі этностардың өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Ренат Курмамбаев муралдың тек қасбетті безендіру ғана емес, қалалық болмыстың маңызды элементі екенін атап өтті.
— Ұлы ойшылдың бейнесі тұрғындар мен қонақтар үшін тартылыс нүктесіне айналып, жастарды Абай мұрасын тереңірек зерттеуге және рухани құндылықтар туралы ойлануға ынталандырады, — деді ол.