Ұлан ауданында болған қайғылы жағдай: жұмысшы мерт болды, облыс әкімі тергеу жүргізуді тапсырды

Бүгін таңертең Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында қайғылы оқиға орын алды. Құрылыс жұмыстары кезінде трактор траншеяға аударылуының салдарынан, қайғылы жағдай орын алып 1980 жылы туған арнайы техника жүргізушісі қаза тапты. Марқұмның артында бес баласы қалды.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы және Ұлан ауданының әкімі жедел жетті.

Өңір басшысы су құбыры желілерін салып жатқан «ТМ Тепломир» ЖШС-нің қызметіне қатысты жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді тапсырды. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

«Мұндай жағдайларға бей-жай қарауға болмайды. Болған оқиғаның нақты себептері анықталуы тиіс. Еңбек қауіпсіздігі – біздің сөзсіз басымдығымыз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ұлан ауданының әкіміне қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.
Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыстарын жалғастыруда. Қайғылы жағдайдың мән-жайы нақтылануда.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...