ШҚО-ға қыркүйекте «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді

Осы жылдың 20 мамырынан бастап елімізде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын бастаған.

Заманауи диагностикалық және емдік құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешен құрамында ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ), флюорография, зертхана, шағын ота бөлмесі бар. Сонымен қатар интернетке қосылған сымсыз байланыс жүйесі арқылы медициналық мәліметтерді жедел түрде жіберуге және өңдеуге мүмкіндік жасалған.

Алыс елді мекендердің тұрғындарына білікті мамандар тегін медициналық әрі құқықтық көмек көрсетеді. Олардың қатарында: терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр, психолог, заңгер мен медиатор бар.

Пойыз әр станцияда орта есеппен 1–2 күн аялдайды. Азаматтарды қабылдау уақыты — сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз жүргізіледі.

2025 жылға арналған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының Шығыс Қазақстан облысы бойынша қозғалыс кестесі:
• Өскемен-1: 10.09.25, 05:05 — 10.09.25, 06:00
• Предгорная: 10.09.25, 07:12 — 11.09.25, 20:40
• Өскемен-1: 11.09.25, 21:50 — 11.09.25, 22:20
• Тишинская: 12.09.25, 00:15 — 13.09.25, 21:00
• Черемшанка: 13.09.25, 21:44 — 15.09.25, 21:00
• Өскемен-1: 15.09.25, 22:13 — 15.09.25, 22:53
• Таусамалы: 16.09.25, 00:45 — 17.09.25, 20:50
• Қүмыстау: 17.09.25, 21:39 — 19.09.25, 20:50
• Бұқтырма: 19.09.25, 21:32 — 21.09.25, 20:50
• Заводинка: 21.09.25, 21:29 — 23.09.25, 20:50
• Тұрғысын: 23.09.25, 21:21 — 25.09.25, 20:50
• Қүмыстау: 25.09.25, 22:30 — 25.09.25, 22:45
• Өскемен-1: 26.09.25, 01:15 — 26.09.25, 02:00
Облыс тұрғындарына осы күндері медициналық тексеруден өтіп, тегін кеңес алуға мүмкіндік бар.

Новые статьи

Глава государства принял министра обороны Даурена Косанова

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад об итогах деятельности оборонного ведомства за прошедший период 2026 года, мерах по обеспечению социальной защиты военнослужащих и укрепление престижа...

101 год Алие Молдагуловой – как девушка из Казахстана стала символом мужества

15 июня исполняется 101 год со дня рождения Героя Советского Союза Алие Молдагуловой. Ее имя давно стало частью истории Великой Отечественной войны и символом...

Alatau City хотят сделать международным транспортным хабом

Казахстан представил транспортно-логистический потенциал Alatau City на международном форуме в Шэньчжэне. О проекте рассказал вице-министр транспорта Талгат Ластаев, который вошел в состав казахстанской делегации...

Казахстан и Швеция обсудили торговлю, Volvo и возможный приход IKEA

Министр торговли и интеграции Республики Казахстан Арман Шаккалиев провел встречу с государственным секретарем по торговле министерства иностранных дел Швеции Дианой Янсе. Стороны обсудили торгово-экономическое...