Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды

26 мамырда Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруіне ресми түрде старт берілді. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, спорт қауымдастығының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

— Велошеруге 236 адам қатысып, оларға қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 200-ден астам студенті қосылды. Ауқымды шараның мақсаты — жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын ілгерілету, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Велошеру бағыты Қазақстанның сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы. Мәреге жету 2025 жылғы 8 маусымға жоспарланған.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...