ШҚО-да 10 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Шығыс Қазақстан облысында оқу жылын 98 мыңнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішіндегі 4430-ы — мектеп түлегі.

Өңірде 343 мемлекеттік мектеп бар. Онда білім алып жатқан 4430 оқушы биыл 11-сыныпты, ал 9104 оқушы 9-шы сыныпты аяқтайын деп отыр. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мәлім етті.

— Тоғызыншы сыныптың мыңға жуық оқушысы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер, ал 3 724 оқушы колледжге түсуге шешім қабылдаған. Жоғары сыныптар арасындағы 368 түлек «Алтын белгіге», 403 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 3 342 түлек жоғары оқу орындарына, ал 316 түлек колледжге түспек, — дейді ол.

Облыста ҰБТ-ға қатысу белсенді түрде жүріп жатыр. Мектеп бітірушілердің 84%-ы тестілеуге қатысуды ұйғарған. Олардың 90%-ы сынақ тестілеуінен өтіп үлгерді.

— Емтихандар кестесі: 9 (10) сыныптар үшін 29 мамырдан 10 маусымға дейін, 11 (12) сыныптар үшін — 30 мамырдан 16 маусымға дейін. Бастауыш сынып оқушылары да демалмайды, мамыр айының соңында қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестация тапсырады, — дейді Инесса Чернышева.

Бірінші сыныпқа қабылдауға тіркеу басталып, тамыздың соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда 9 729 болашақ оқушының 6 166-сынан өтініш түскен.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...