Өскемен-Шемонаиха жолының 30 шақырымына асфальт төселді

Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуде рециклдеу технологиясы белсенді қолданылады.

Өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биылғы маусымда жалпы ұзындығы 357 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. Оның ішінде халықаралық маңызы бар Өскемен-Шемонаиха бағытындағы 93 шақырым жол қамтылған. Бұл учаскеде ескі жабындыны қайта пайдалануға мүмкіндік беретін, бюджеттік шығынды едәуір үнемдеуге сеп болатын рециклдеу технологиясы қолданылуда.

– Рециклдеу әдісі фрезерленген асфальтты нығайтушы қабат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл – жол төсемінің тозуын азайтып, оның қызмет ету мерзімін ұзартатын тиімді шешім, – деді мердігер ұйым жобасының жетекшісі Сеиіл Соқыров.

Бүгінде Өскемен-Шемонаиха жолының 30 шақырымына асфальт төселді, бұл жоспарланған жұмыс көлемнің 30 пайызына тең. Жөндеу жұмыстары жол жүктемесі мен қозғалыс қарқынын ескере отырып, тәулік бойы жүргізілуде: түнде – асфальт төсеу, күндіз – ескі жабындыны бөлшектеу және қайта өңдеу жүреді.

Жұмыстар Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ШҚО филиалының тұрақты бақылауында. Инженерлер нысанға үнемі шығып, сынама алады.

– Маусым басталғаннан бері біз жолды 16 рет тексеріп, 55 материал үлгісін алдық. Соның алтауы бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Үшеуі жойылды, қалғандары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар технологиялық бұзушылықтар тіркелді, олар да түзетілуде, – деді Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ШҚО филиалы бөлімінің басшысы Саяхат Мұсапыров.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...