ШҚО әкімі ТМК-да болған оқиғадан кейін барлық кәсіпорын үшін бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеуді тапсырды

Қазір кәсіпорын аумағында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің және ШҚО Экология департаментінің өкілдері облыстық прокуратураның қолдауымен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеріс барысы мен нәтижесі облыс басшылығының және «Өскемен тынысы» экологиялық қорғаныс бюросының жеке бақылауында.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «УК ТМК» АҚ басшылығымен кездесіп, жедел штаб отырысын өткізді. Анықталғандай, ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың рұқсат етілген шектен асуы тіркелмегенімен, кәсіпорында шынымен де штаттан тыс жағдай болған.

– 19 мамыр күні комбинатта №3 хлорлау қондырғысының конденсация жүйесін жоспардан тыс профилактикалық тазалау жұмыстары жүргізілген болатын. Жұмыс барысында гарнисаж құлап, салдарынан газоөткізгіш бітеліп қалған. Біздің сынақ зертханасының мамандары санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауадағы хлор мөлшерін әр екі сағат сайын тексеріп отырды. Рұқсат етілген шектен асу тіркелген жоқ, – дейді «УК ТМК» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Ринат Әміров.

ШҚО әкімі бұл оқиға осындай жағдайлар туындағанда қалай әрекет етудің кезең-кезеңімен жүзеге асатын алгоритмін әзірлеу қажеттігін көрсеткенін айтты.

Сонымен қатар барлық өндірістік кәсіпорындарда тиісті оқу-жаттығулар өткізілуі керек.

– Төтенше жағдайлар кезінде ашықтықты қамтамасыз етіп, халық арасында дүрбелең тудырмай, нақты әрі уақтылы ақпарат беру өте маңызды. Жалған ақпараттың таралуына жол берілмеуі тиіс, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...