back to top

ШҚО-да биылғы егіс алқабы өткен жылғы деңгейден 10,8 мың гектарға артады

Облыста 618,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бұл туралы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасынан мәлім етті.

— 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жауын-шашын мөлшері нормадан көп болды. Бұл көктемгі дала жұмыстары үшін аса маңызды. Жоспар бойынша егіс алқабындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 252,6 мың гектарды, оның ішінде бидай 171 мың гектарды, майлы дақылдар 224,5 мың гектарды, оның ішінде күнбағыс 206,6 мың гектарды, жемшөп дақылдары 129 гектарды, картоп 8,5 мың гектарды, көкөністер мен қауындар 3,8 мың гектарды құрайды, — делінген ақпаратта.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымға қажеттілігі 73,2 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 54,2 мың тонна дәнді дақылдар, 3,2 мың тонна майлы дақылдар, 0,8 мың тонна жемшөп дақылдары, 15 мың тонна картоп бар. Барлық тұқым материалы егіс жұмыстары басталғанға дейін сапалық көрсеткіштерге тексеріледі. «Қазагрэкс» деректері бойынша тексеруге 64,9 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы немесе қажеттіліктің 85% түсті. 62,7 мың тонна тұқым тексерілді. Оның 61,9 мың тоннасы немесе 98,9% сапалы болды.

— 2025 жылы топырақтың құнарлылығын арттыру үшін 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу қажет. Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттармен 35,6 мың тонна тыңайтқышқа шарттар жасалды, оның ішінде 20 мың тоннаға жуығы жөнелтілді. Облыс шаруашылықтарына 9065 трактор, 7116 егіс және топырақ өңдеу техникасы қажет. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша көрсеткішті 6,5% орындау үшін биыл 1321 трактор мен 140 комбайнды есептен шығару қажет. Сондай-ақ өздігінен жүретін 484 техниканы сатып алу жоспарланып отыр. Бүгінде 3 млрд теңгеге 66 трактор, 1 млрд теңгеге 6 астық жинайтын комбайн сатып алынған, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы жылы Шығыс Қазақстандағы көктемгі дала жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 6,1 млрд теңге субсидия бөлу көзделген.

Новые статьи

В ВКО представили новые цифровые достижения на Digital Nauryz

В Усть-Каменогорске на площадке ТРЦ Maxi Mall прошла масштабная выставка цифровых проектов «Digital Nauryz», объединившая современные IT-решения, инновационные разработки и технологические инициативы региона. Формат мероприятия...

В Усть-Каменогорске начались праздничные гуляния в честь Наурыз мейрамы

Сегодня на 7 локациях в областном центре организовали праздничные гуляния в честь Наурыз мейрамы. На Комендантке в 12:00 начался концерт. На сцене выступают творческие коллективы...

Глава государства поздравил казахстанцев с праздником Наурыз

«Поздравляю всех с великим праздником Наурыз мейрамы. Наурыз – это время духовного очищения и обновления. Понятие чистоты имеет всеобъемлющий смысл. Прежде всего, она означает чистоту...

В Усть-Каменогорске завершились зимние чемпионаты МЧС Республики Казахстан по пожарно-спасательному спорту

  В ВКО состоялось закрытие зимних чемпионатов ХХХIV - среди мужчин, XII - среди женщин, ХI - среди юношей и юниоров Республики Казахстан по...