Қала тұрғындары көшеде иттердің қаптап жүргенін, тіпті адамға атылатындығын айтып шағымданды. Арасында қаңғырған иттерден зардап шеккендер де аз емес.
— Әуезов даңғылында әйел адамға бұралқы иттердің тап бергенін өз көзіммен көрдім. Сол маңдағы азаматтар көмектесіп қалдық. Әйелдің орнына бала болса иттер баяғыда талап тастар еді, — дейді Асхат есімді өскемендік.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, ит қапқандар тәртіп сақшыларына арыз түсіруде.
— 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында полицияға қала тұрғындарынан иттердің адамға шабуы туралы 9 арыз түсті. Қазір тиісті шаралар атқарылып жатыр, — делінген ақпаратта.