«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, 7 наурызда өңірде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар қалың түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Аймақтың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20, 23-28 м/с.
— Өскемен қаласында да жаңбыр, қар жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні — 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 23 м/с, — делінген ақпаратта.
Осы ретте, ШҚО ТЖД қызметкерлері дауылы ескерту жарияланғанда алыс сапарға шығудан бас тарту қажеттігін еске салды.