Назар аударыңыз! Интернет-алаяқтық: деректеріңіз бен ақшаларыңызды қалай қорғауға болады?

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтардан зардап шегушілердің саны күннен-күнге көбейіп келеді. Жыл басынан бері облыста 200-ге жуық адам интернет арқылы алданып, полицияға жүгінген. Алаяқтар адамдардың жеке деректерін, ақшасын немесе банктік шоттарын иемдену үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Бұл туралы ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дархан Камалханов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

— Көп таралған алаяқтықтың бірі – 1414 нөмірінен келген жалған хабарламалар. Бұл нөмір шын мәнінде eGov.kz Біріңғай порталына тиесілі және мемлекеттік қызметтер ұсынатын ресми ресурс. Бірақ алаяқтар осы нөмірді пайдаланып, адамдардың жеке мәліметтерін алдап алуға немесе телефонға зиянды бағдарламалар орнатуға тырысады,- деді Дархан Камалханов.

Соңғы уақытта интернетте “тез байып кетесіз” деген инвестициялық ұсыныстар көбейді. Олар сізге қысқа мерзімде көп ақша табуға көмектесетінін айтып, жалған инвестициялық жобаларға ақша салуға көндіреді. Бірақ іс жүзінде бұл – қарапайым алаяқтық схемасы.

Тағы бір кең таралған әдіс – “банктің қауіпсіздік қызметі” атынан қоңырау шалу. Бұл жағдайда алаяқтар сіздің банктік шотыңызда күдікті операциялар болып жатқанын айтып, шұғыл түрде карта мәліметтерін немесе SMS-кодты сұрайды.

Әсіресе, мерекелер алдында интернет-дүкендер арқылы жасалатын алаяқтық белсенді түрде артады. Мысалы, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтар гүлдер мен сыйлықтар сататын жалған сайттар ашады. Олар алдын ала төлем жасауды сұрап, кейін тапсырысты орындамай қояды. Кейбір жағдайларда, тапсырысты жеткізу туралы хабарлама жіберіп, оны растау үшін арнайы код сұрайды. Бұл код арқылы олар сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізуі мүмкін.

Интернет-алаяқтар күн сайын жаңа тәсілдерді ойлап табуда. Сондықтан әрқашан сақ болып, жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеуге тырысыңыз. Егер алаяқтардың құрбаны болып қалсаңыз, бірден полицияға және банкке хабарлаңыз. Ең бастысы – сенімсіз сілтемелерге өтпеу, белгісіз интернет-дүкендерге ақша аудармау және ешкімге жеке деректеріңізді айтпау.

Бүгінгі күні интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін eGov.kz қосымшасы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып, “несиеге тыйым салу” пәрменін айтуға болады. Бұл қызмет сіздің атыңыздан рұқсатсыз несие алуға жол бермейді.

Новые статьи

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...

Жители ВКО получили государственные награды ко Дню Республики

В Усть-Каменогорске в преддверии Дня Республики вручили государственные награды жителям Восточно-Казахстанской области. Ордена, медали и почетное звание получили представители промышленности, сельского хозяйства, медицины, образования,...