Глубокое ауданында халық емімен ауруынан айықпақ болған ер адамның көзі көрмей қала жаздады

Белгілі болғандай, 39 жастағы азаматқа суық тиіп қалған. Кейін гаймориттің белгілері байқалды. Алайда ол дәрігерге қаралғанның орнына халық емі арқылы емделмек болады. Сөйтіп, мұрнын қайнатылған түймедақ суымен шайып, мия тамырының тұнбасын іше бастайды.

Әуелде жағдайы жақсарып келе жатқандай көрінгенімен бір аптадан соң көз тұсы қатты ауырсына бастады. Кейін көру қабілеті де нашарлай түскен. Тыныс алуы қиындап, дене қызуы көтеріліп, көзінде ісік пайда болған науқас шұғыл түрде Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

— Эндоскопиялық тексеру кезінде асқыну тудырған мұрын қуыстарының саңылауларын бітеп тастаған үлкен киста анықталды. Отадан кейін науқастың жағдайы тұрақтанды. Келесі күні көру қабілеті қалпына келе бастады, — деп хабарлады облыстық ауруханадан.

Осы ретте, дәрігерлер халық емімен өз-өзін емдеудің соңы аурудың одан сайын асқынуына әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертеді.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...