ШҚО-да бруцеллез бен құтырма ауруларының ошақтары тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының көбеюіне байланысты карантин енгізілгеніне бес ай болды.

Ауру анықталған Теректібұлақ ауылында мамандар 15-20 күн сайын малдан қан алып, зерттеулер жүргізіп жатыр. Десе де инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелуде.

— Ірі қара мен ауруға бейім басқа да малдан қан алынып, Күршім ауылындағы зертханада талдау жұмыстары жүргізілуде. Әлі күнге дейін ауру анықталып жатқандықтан, сауықтыру шаралары жалғаса береді, — дейді ШҚО Ветеринария басқармасының бас маманы Анар Рахманова.

Өткен жылы облыста төрт түліктен қауіпті аурулардың 10 ошағы тіркелді. Оның ішінде құтыру – 6, бруцеллез – 3, эмфизематозды карбункул – 1. Тарбағатай ауданында Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылында құтырма ауруын емдеу жұмыстары жалғасуда.

Новые статьи

В ВКО выбрали лучших товаропроизводителей – они поедут на республиканский конкурс в Астану

В областном центре подвели итоги региональной выставки-конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026». Местные предприятия представили отечественную продукцию и поборолись за право выйти на республиканский...

В Казахстане расследуют крупное мошенничество связанное с поступлением в зарубежные вузы

В Астане расследуют уголовное дело по факту мошенничества в особо крупном размере. По данным министерства внутренних дел РК, в столице задержали 32-летнего мужчину, которого...

2026-2028 годы станут периодом масштабного внедрения ИИ в промышленность Казахстана

В Казахстане 2026-2028 годы станут периодом масштабного внедрения искусственного интеллекта и современных цифровых решений в промышленности и недропользовании. Об этом на Конгрессе AMM 2026...

В ВКО спасатели усилили контроль на водоемах после начала купального сезона

В Восточно-Казахстанской области усилили профилактическую работу на водоёмах. С началом купального сезона сотрудники ДЧС ВКО вышли в рейды по популярным местам отдыха у воды....