Синоптиктер алдағы наурыз, сәуір айларында өңірде әлдеқайда жылы ауа райы сақталады деп болжап отыр.
Наурыз айының басында шығысқазақстандықтарды 1-5 градус аралықта жылы температура күтеді.
Айдың ортасында күн райы сәл салқындайды. Күн көктемгі ауа райына тек айдың соңында ғана ауысады.
— Наурызда жауын-шашын әдеттегіден көп болуы мүмкін. Қар аралас жаңбыр да күтіледі. Сәуірде де осы ауа райы сақталмақ, — деп хабарлады “Қазгидромет” РМК-дан.