Өскеменде қаңғырған иттерден зардап шеккен адам саны артып барады

«Ақбота» балабақшасы Өскемендегі Жібек маталар комбинаты ықшамауданында орын тепкен. Баласы сонда баратын ата-ана күн сайын балабақша алдында қаңғырған иттердің қаптап жүретінін жеткізді.

— Баламды қолға алып, жаяу қайтқанда қорқамын. Ертең ашыққан ит талап тастаса кім жауап береді?! Тек балабақшада емес, жалпы біздің ықшамауданда бұралқы иттер толып кетті. Өзім Қазыбек би даңғылындағы сұлулық салонында жұмыс істеймін. Ғимараттың артқы жағында да иттер шұбырып жүр, — дейді Айжан есімді қала тұрғыны.

Бұдан бөлек, Защита, Ахмер шағын аудандары, Шығыс ауылы мен Лесхоз, Красин, Меновное кенттерінің халқы да иттердің шектен тыс көбейіп келе жатқанын айтуда.

Әлеуметтік желіде де жыл басынан бері иттердің адамға тап беріп жатқаны көрінген видеолар тарап жатыр.

ШҚО Ветеринария басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың наурыз айында елде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне еніп, сол уақыттан бері иесіз иттерді атуға тыйым салынған. 3 жылдың ішінде облыс бойынша көше кезген иттердің көбейіп кеткені сондықтан.

— 2024 жылы облыс бойынша 6 мың бұралқы ит ауланып, 1 976-сы эвтанизацияланды. Бүгінде Өскеменде 1 500-ден астам ит пен 50 астам иттер тобыры бар, — делінген ақпаратта.

Ал Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы иттерден зардап шеккендердің көбейіп келе жатқанын растады.

— 3-9 ақпан аралығында Өскеменде ит қапқан 11 адам ауруханаға қаралды. Өткен жылы қала бойынша барлығы 467 адам қаңғырған иттерден зардап шеккен, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Новые статьи

Предприниматели ВКО пожаловались на семь полицейских проверок за одну ночь

Владельцы кафе, баров и караоке-клубов Восточного Казахстана заявили, что частые ночные проверки документов отпугивают посетителей и приводят к потере выручки. На встрече с представителями...

В Акжаре нарушителям правил благоустройства дали 10 суток на уборку территорий

В селе Акжар Тарбагатайского района полицейские выявили нарушения правил благоустройства на улицах Кабанбай, Титова и Жамбыла. Жителям предстоит убрать мусор и привести в порядок...

В Усть-Каменогорске обновят освещение и благоустройство аллеи на проспекте Назарбаева

В Усть-Каменогорске начался ремонт пешеходной аллеи на проспекте Назарбаева. Рабочим предстоит привести в порядок декоративную колонну у входа на аллею и установить новые опоры...

В Казахстане с 2027 года запустят единый цифровой ресурс благотворительности

С 1 января 2027 года в Казахстане начнет действовать единый цифровой ресурс для благотворительных организаций. Платформа должна обеспечить открытость их деятельности и доступность информации...