Абзал Асқарұлы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде және «Alikhan Bokeikhan University»-де білім алған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 8 жыл. Әр жылдары Зайсан, Алтай, Үржар, Глубокое аудандарында қызмет еткен. Өскемен қаласының қаржы бөлімін басқарған.
Соңғы жұмыс орны — Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.