Соңғы күндері алаяқтар Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде халыққа хабарлама жазып, түрлі себептермен ақша сұрауда. Әзірге алданып қалғандардың бар-жоғы белгісіз.
— Алаяқтар менің атымнан хабарламалар жіберіп жатыр. Бұған сенбеңіздер! Ол менің нөмірім емес. Сондықтан бірден сол нөмірді бұғаттап тастаңыздар, — дейді Ренат Құрмамбаев.
Бұл алаяқтардың әкімдік қызметкерлерінің атын жамылған бірінші жағдай емес. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейген. Олар негізінен қарызға ақша сұрап жатады.