ШҚО-да қызметін асыса пайдаланған департамент бастығына 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығына қатысты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қаралды.

— Белгілі болғандай, департамент мамандары 2024 жылдың наурыз айында шахталарды жоспардан тыс тексеру нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілерін анықтаған. Осылайша, сол шахтаға жұмысшылардың түсуіне тыйым салынуы тиіс болған. Алайда айыпталушы өз қызметкерлеріне бұл туралы прокуратураға хабарламау туралы тапсырма берді. Демек, департамент бастығы жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларына қатысты конституциялық құқықтарын бұзып, ЖШС қызметін тоқтата тұру туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген, — делінген ақпаратта.

Сот барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот шешімімен оған 1500 АЕК (5 538 000) теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

Более 113 тонн мяса и кормов из КНР сожгли после нарушений на границе

С начала 2026 года на ветеринарном контрольном посту «Нур Жолы» в Панфиловском районе области Жетісу пресекли семь фактов нарушения ветеринарного законодательства при ввозе и...

Казахстан презентовал потенциал агроэкспорта на форуме в Женеве

В Женеве прошел первый Kazakhstan Commodity Forum – Казахстанский форум по торговле сырьевыми товарами. Мероприятие собрало более 200 участников – руководителей крупнейших трейдинговых домов,...

В «Қазақконцерте» прошел вечер истории танца

В Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой прошел концерт-лекция ансамбля «GULDER» – «EXPERIENCE №4: Диалог эпох – от паваны до казахского вальса». Проект...

Прокуратура ВКО выявила схемы занижения налогов у застройщиков на 420 миллионов тенге

Прокуратура Восточно-Казахстанской области провела анализ полноты уплаты налогов предприятиями, которые строят многоквартирные жилые дома. Проверяли, как застройщики отражают доходы и насколько честно платят налоги. Анализ...