Шемонаиха ауданында ақау шыққан магистральдық желіде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін таңғы сағат 05.00-де Усть-Таловка ауылын аудан орталығымен байланыстырып тұрған магистральдық желіден ақау шығып, су ағып кеткен. Бір сағаттың ішінде мамандар ақау орнын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

Бұл желілер «Востокэнерго» жеке компаниясына тиесілі. Бұған дейін де олар желідегі ақауды жөндеген. Алайда жағдай қайталанып отыр. Қазір сол жерге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов пен Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов жүр. Барлық қажетті техника жұмыс істеп жатыр.

— Жұмысты аяқтау үшін тағы үш сағаттай уақыт керек. Одан кейін қайта жылу беріле бастайды, — деді Нұрлан Рамазанов.

Аудан әкімі Григорий Акуловтың айтуынша, балалар қашықтан оқу форматына алдын ала көшірілген. Сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасының басшысы аудандық ауруханада болып, медициналық мекемедегі ауа температурасы 22 градусты құрап тұрғанын жеткізді. Тұрғындар қалыптасқан жағдайға түсіністік танытты. Алдағы уақытта ақаудың шығу себептерін мамандар анықтайтын болады.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...