в

Өскеменде бойжеткен із-түссіз жоғалып кетті

Источник фото: МВД РК

Әнел Ерік 12 қараша күні таңертең қаладағы Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен. Қайда кеткенін айтпаған ол сол күні хабар-ошарсыз.

Ата-анасы сол күні полицияға хабарласып, көмек сұраған соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда арада бір апта өтсе де 18 жастағы қыз табылмай жатыр.

«Бойжеткеннің үстінде қара футболка, жасыл жейде, қара шалбар және етік болған. Өзімен бірге ұялы телефонын ала шығыпты. Бірақ сол күннен бері өшірулі тұр. Әнел Еріктің қайда екендігі туралы қандай да бір ақпарат білетін адамға 102 арнасына қоңырау шалуын сұраймыз», — делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

В Казахстане до 2027 года отремонтируют 12 тысяч километров дорог

Молекулярные тесты проводят пациентам онкоцентра ВКО для диагностики рака легких