«Күршім-Үлкен Нарын» тасжолында полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адам тізгіндеп келе жатқан автокөлікті тоқтатты.
Тексеру барысында ер адамның қажетті рұқсат қағаздарын рәсімдемей 206 келіден астам әртүрлі балық түрлерін, соның ішінде 85 келі көксерке, 102,6 келі шортан және 78 келі құртқа балығын заңсыз тасымалдағаны анықталды.
Соның салдарынан мемлекетке шамамен екі миллион теңге көлемінде зиян келтірілген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.