«Самұрық-Энерго» Өскемендегі су электр станциясын жаңғыртуға атсалысады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен кездесіп, электр энергетикасы саласындағы бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқыға салды.

Атап айтқанда, тараптар 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отырған Өскемен СЭС-інің №4 гидроагрегатын жаңғырту мәселесін талқылады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және гидрогенератор мен басқа да жабдықтарды жеткізуге келісім-шарттар жасалған. Бұл жоба су электр станциясының қуатын 12,2 МВт-қа арттырып, агрегат арқылы су шығынын азайтады.

Сонымен қатар Шүлбі су электр станциясының екінші кезегін салу мәселесі көтерілді. Бұл оның оның қуаттылығын 348 МВт-қа арттырмақ. Бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді Гидропроект институты мен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп жүзеге асырады. Жобаның болжамды құны 450 млрд теңгені құрайды.

Жиын барысында Өскеменде жаңа жылу электр станциясын салу тақырыбы да айтылып, өңірді электр энергиясымен қамтуға қатысты басқа да мәселелер талқыланды.

 

Новые статьи

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...

Жители ВКО получили государственные награды ко Дню Республики

В Усть-Каменогорске в преддверии Дня Республики вручили государственные награды жителям Восточно-Казахстанской области. Ордена, медали и почетное звание получили представители промышленности, сельского хозяйства, медицины, образования,...