Өскемендік студент әйел адамды пышақ ұстаған қаскөйден қорғап қалған

Оқиға осы жылдың жазында болған. Қазақстан-Американдық еркін университетінің 3-курс студенті Алмас Елемес Өскемендегі дәмханалардың бірінде курьер болып жұмыс істеп жүрген. Түнде көшеде тапсырысты апара жатқанда көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп қалады. Алмастың қасында тағы бірнеше курьер жігіт болған.

«Сол кезде олар көшеде ұшы қанға боялған пышақ ұстап тұрған ер адамды көрді. Ол бұрын азаматтық некеде болған әйелін ұрып, пышақ сұғып жіберген. Бір секунд та ойланбастан көмекке ұмтылған Алмас мас және агрессивті қаскөйді қарусыздандырып, полиция келгенге дейін ұстап тұрды», — деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ауыр жарақат алған әйел дер кезінде дәрігерлерге жеткізілгендіктен аман қалды. Белгілі болғандай, оған шабуыл жасаған адам бірнеше рет сотталған, қауіпті рецидивист. Ол кісі өлтіруге оқталғаны үшін сот шешімімен кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияға 10 жылға қамалды.

«Алмас Елемес өз өміріне қауіп төнсе де басқа адамды құтқарудан тайынбады. Оның батыл әрекеті зор құрметке лайық және басқаларға үлгі. Қала прокуратурасы Алмасқа шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл жағдай нағыз батырлардың біздің арамызда жүргенін көрсетті»,- делінген ақпаратта.

Бейбіт күннің батырына Өскемен қаласы прокурорының атынан Алғыс хат табыс етілді.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...