Кассациялық сот Өскеменде өзін құрылысшы ретінде таныстырған алаяқты ақтаған үкімнің күшін жойды

Қала тұрғыны интернетте жеке тұрғын үйлер салу және пәтерлерді толық жөндеу қызметтерін ұсынатыны туралы хабарландырулар жариялаған. Клиенттердің сеніміне кіру үшін ол өзін ірі құрылыс компаниясының басшысы ретінде көрсетіп, кеңсе ашқан, ЖШС мен жеке кәсіпкерлікті тіркеген, мөр жасатып, тапсырыс берушілермен ресми мердігерлік шарттар жасасқан.

Алайда құрылыс материалдарын сатып алу мен жұмыс ақысын төлеу үшін қомақты көлемде алдын ала төлем алғаннан кейін кәсіпкер тапсырыс берушілермен байланысын үзген. Оның үстіне, бастапқыда тұрақты жұмыс істейтін құрылысшылар бригадасы да, жеке құрылыс техникасы да болмаған.

Бұрынғы клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындамағанына қарамастан, ол жаңа тапсырыс берушілерді тартуды жалғастырған. Қылмыстық іс бойынша тоғыз адам жәбірленуші деп танылды.

Бірінші сатыдағы сот айыпталушының әрекетін ірі мөлшердегі алаяқтық деп танып, оны үш жыл төрт айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген 23 млн теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді.

Алайда кейін апелляциялық сот алқасы істі қайта қарап, сол үкімнің күшін жойды және айыпталушыны толық ақтады. Апелляциялық инстанция жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталмауына байланысты туындаған дауды азаматтық-құқықтық қатынастар аясындағы мәселе деп бағалаған.

Бұған прокуратура мен жәбірленушілер келіспей, апелляциялық шешімге кассациялық тәртіппен шағым түсірді.

– Сот алқасы апелляциялық инстанция дәлелдемелерге біржақты баға бергенін анықтады. Айыпталушы бұрын қабылдаған міндеттемелерін орындамай, қажетті мамандары мен материалдық-техникалық базасы болмағанына қарамастан, жаңа келісімшарттар жасасқан. Кеңсенің, ЖШС мен жеке кәсіпкерліктің, мөрдің болуы, жекелеген еңбек шарттарын жасасуы және жұмыстардың белгілі бір бөлігін орындауы адал қызметтің көрінісін қалыптастыру әрі сенімді мердігердің сыртқы атрибуттарын жасау ретінде бағалануы тиіс. Себебі түпкілікті нәтиже болмаған, ал қаражаттың едәуір бөлігі жәбірленушілер үшін қайтарымсыз жоғалған, – деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттан.

Нәтижесінде кассациялық сот ақтау туралы қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Енді сотталған азамат тағайындалған жазасын өтеп, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеуге тиіс.

Новые статьи

В 2027 году аттестацию с выездными проверками пройдут 50 медицинских колледжей Казахстана

В Казахстане вводят новый порядок государственной аттестации медицинских колледжей. С 2027 года проверочные комиссии посетят 50 учебных заведений, то есть половину всех медицинских колледжей...

В Казахстане соискателям будут подбирать работу с помощью искусственного интеллекта

В Казахстане меняют подход к трудоустройству: карьерные центры будут сопровождать соискателей на всех этапах поиска работы - от подбора вакансий до взаимодействия с работодателями....

Токаев заявил о масштабной коррупции в госкомпаниях после задержания руководителей «Самрук-Қазына» и КТЖ

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев прокомментировал задержание руководителей фонда «Самрук-Қазына» и АО «НК «Қазақстан темір жолы». Он назвал произошедшее серьезным сигналом о масштабах коррупции в...

В ВКО полицейские усиливают профилактику наркоправонарушений среди подростков

В Восточно-Казахстанской области сотрудники управления по противодействию наркопреступности проводят профилактические встречи со школьниками, педагогами и представителями профильных ведомств. 12 ноября в средней школе № 35...