Өскеменде экологиялық паспорт бес жылға кешеуілдеп әзірленеді

Өскемен қаласында жаңа экологиялық паспорт әзірлеу жұмыстары басталды. Құжатта ауаға таралатын зиянды заттардың көлемі есептеліп, рұқсат етілген шығарындылар мөлшері белгіленеді.

Қаланың экологиялық паспорты ресми түрде шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томы деп аталады. Бұл құжатты жаңарту жұмыстары мердігерлердің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты туындаған сот даулары салдарынан бес жыл бойы жүзеге аспай келген.

Жұмыстар мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының араласуынан кейін қолға алынды. Прокуратура қала әкімдігіне нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, тиісті нұсқама берді.

– Шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томы – облыс орталығы үшін аса маңызды әрі өзекті құжат. Қала өсіп, дамып келеді. Жаңа кәсіпорындар ашылып, көлік ағыны артып, тұрғын үйлер салынуда. Бұл құжатта әр зауыттың, қазандықтың және автокөлік ағынының ауа сапасына тигізетін әсері жан-жақты талданады. Жергілікті атқарушы орган оны әр төрт жыл сайын жаңартып отыруға міндетті. Прокуратураның нұсқамасына сәйкес, қазіргі уақытта қала әкімдігі осы жұмыспен айналысып жатыр, – дейді ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов.

Халық саны 10 мыңнан асатын елді мекендер үшін шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томын әзірлеу талабы 2021 жылы Экологиялық кодексте бекітілген.

Шығыс Қазақстанда бұл талап Өскемен, Риддер және Алтай қалаларына қатысты. Алайда аталған қалалардың ешқайсысында әзірге жаңартылған экологиялық паспорт жоқ.

Риддерде жоба бюджет қаражатының қысқаруына байланысты тоқтатылса, Өскеменде құжат әзірлеу жұмыстары мердігерлердің кінәсінен созылып кеткен.

– Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы құжатты әзірлеуге бірнеше рет әрекет жасады. Алайда екі рет қатарынан мердігерлер міндеттемелерін орындамады. Жобаға шамамен 30 млн теңге қарастырылғанымен, жұмыс тапсырылмағандықтан, қаражат төленген жоқ. Ақтөбе мен Алматыдан келген жобалаушы компаниялар өңірдің ерекшеліктерін мүлде білмегендіктен, келісу кезеңіне де жете алмады. Компаниялардың бірі жосықсыз мердігер деп танылды. Бұл жағдайлар 2022 және 2023 жылдары болды. Одан кейін ұзаққа созылған сот процестері басталып, соның салдарынан бес жыл уақытымызды жоғалттық, – дейді ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Аяулым Қайдарова.

Сот процестерінің ұзаққа созылуына байланысты мамандар әлі күнге дейін ескірген есептерді пайдаланып келеді. Сол деректерге сәйкес, Өскеменде атмосфераға таралатын зиянды заттардың жылдық жалпы көлемі 158,7 мың тоннаны құрайды.

Оның 56,7 пайызы автокөлікке, 34,4 пайызы өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ал 8,9 пайызы жеке сектордағы пешпен жылытылатын үйлерге тиесілі.

Жаңа экологиялық паспорт қала ауасының ластануына әрбір көздің нақты үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс қорытындысы бойынша нормативтерді әзірлеуші болып «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС белгіленді.

– Биыл Өскеменде шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерін әзірлеу жұмыстары басталды. Тамыз айының соңында қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілді. Онда ластанудың негізгі көздері мен олардың шығарындыларының көлемі көрсетілген. Қазір әзірленіп жатқан нормативтер шығарындылардың рұқсат етілген мөлшерін нақты анықтап, ауа ластануын азайтуға бағытталған алдағы шараларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жағдайды жақсарту үшін қоғамдық көлік паркі жаңартылып, жолайрықтар салынуда. Сонымен қатар жеке сектордағы үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мәселесі пысықталып жатыр, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінен.

Новые статьи

В ВКО двух жителей предупредили о незаконности складирования мусора за пределами дворов

В селе Карасу Тарбагатайского района полицейские выявили два нарушения правил благоустройства. Местные жители складировали бытовые отходы, навоз, золу и растительные остатки за пределами своих...

С 1 января 2027 года в Казахстане изменится порядок назначения адресной социальной помощи

В Казахстане обновят правила назначения государственной адресной социальной помощи (АСП). Изменения коснутся подачи заявлений, проверки доходов семьи, оформления документов и условий получения выплат. АСП предназначена...

В Казахстане учредили новые государственные награды для деятелей искусства

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал закон, которым учреждаются новые государственные награды для представителей музыкального и изобразительного искусства. В частности, вводится медаль «Шәмші Қалдаяқов». Ее будут...

Бектенов на COP31 рассказал о планах Казахстана высадить еще 270 млн деревьев

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов выступил на 31-й Конференции сторон Рамочной конвенции ООН об изменении климата (COP31) в Анталье. Он представил экологические инициативы страны, рассказал...