ШҚО-да ғимаратты жөндеген компания «ҚазАвтоЖолды» сотқа берді

Шығыс Қазақстан облысында мердігер ұйым Өскемен қаласындағы әкімшілік ғимаратқа жүргізген ағымдағы жөндеу жұмыстарының ақысын өндіру үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясын сотқа берді. Бірінші сатыдағы сот құрылысшылардың талабын қанағаттандырған. Ал ұлттық компания сот шешіміне апелляциялық шағым түсіруге дайындалып жатыр.

Дау «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Строй Континент» ЖШС арасында Өскемен қаласындағы филиал ғимаратын жөндеу бойынша жасалған келісімшарттан туындаған. Жұмыс барысында мердігерлер бастапқы жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған ақауларды анықтап, қосымша 8 млн 938 мың 744 теңгенің жұмысын атқарған. Құрылысшылар жылыту маусымы басталғанға дейін нысандағы жұмыстарды аяқтауды көздеп, қажетті материалдарды өз қаражатына сатып алып, жұмысшылардың еңбекақысын да төлеген.

Тапсырыс беруші өкілдері қосымша жұмыстардың орындалуын техникалық кеңестер барысында тіркеп отырды. Алайда орындалған жұмыстарды қабылдау және тиісті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде тараптар арасында келіспеушілік туындаған. Бекітілген қосымша келісім болмағандықтан, мердігерге қаражат аударылмаған.

Бұл мәселе «Атамекен» ҰКП ШҚО кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысында талқыланды.

– Қосымша жұмыс көлемінің қажеттілігі жыл бойы өткен төрт бірлескен кеңестің хаттамасында расталған. Мердігер нысандағы жұмысты толық аяқтаған. Алайда тапсырыс беруші тарапынан қаржыландыруды келісудің ішкі рәсімдері ұзаққа созылып, орындалған жұмыстардың ақысы уақтылы төленбеді, – деді кеңес төрағасы Игорь Шацкий.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы аталған дауға қатысты ресми түсініктеме берді.

– Ағымдағы жөндеу барысында мердігер ұйым техникалық құжаттамада бастапқыда көзделмеген қосымша жұмыстарды орындаған. Кейін олардың ақысын төлеуге қатысты келіспеушіліктер туындап, мәселе сотта қарала бастады. 2025 жылғы қарашада «Строй Континент» ЖШС 8,9 млн теңге өндіру туралы талап арыз берді. Алайда ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2026 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды. 2026 жылғы 1 шілдеде апелляциялық сатыдағы сот та бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды, – делінген ақпаратта.

Осыдан кейін мердігер ұйым орындалған жұмыстар туралы біржақты актіні жарамды деп тану және берешекті өндіріп алу туралы жаңа талап арыз берген.

– ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2026 жылғы 9 қарашадағы шешімімен мердігер ұйымның актіні жарамды деп тану және қосымша жұмыстардың құнын өндіріп алу туралы талаптары қанағаттандырылды. Тапсырыс беруші сот шешімімен келіспейді. Ұлттық компанияның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында филиал заңнамада белгіленген бір ай мерзім ішінде апелляциялық шағым түсіреді, – делінген ведомство хабарламасында.

Мердігер ұйым мен ұлттық оператор арасындағы қаржылық дауға қатысты соңғы нүктені енді екінші сатыдағы сот қояды.

Новые статьи

Генпрокуратура предупредила о мошеннических сообщениях якобы от «Казпочты»

В Казахстане появилась новая схема интернет-мошенничества: злоумышленники рассылают поддельные уведомления о доставке посылок от имени АО «Казпочта», чтобы получить персональные данные граждан. По информации Генеральной...

В Казахстане обсудили меры по снижению риска столкновения самолетов с птицами

Авиационная администрация Казахстана провела встречу с представителями Air Astana, на которой обсудили угрозу столкновения воздушных судов с птицами в аэропортах страны и меры по...

Трассу от Усть-Каменогорска до границы с Россией впервые капитально отремонтировали

В Восточно-Казахстанской области завершили капитальный ремонт автомобильной дороги «Усть-Каменогорск - Шемонаиха - граница Российской Федерации». Работы охватили участок до нейтральной полосы пограничного пункта. Эта...

В Казахстане изменили правила расчета норм накопления коммунальных отходов

В Казахстане уточнили порядок определения норм образования и накопления коммунальных отходов. Теперь при расчетах предусматривается разделение мусора на три категории: сухие, мокрые и опасные...