Ақпарат айдынындағы әріптестік: ШҚО әкімі «Қазақ газеттері» ЖШС басшысымен кездесті

Баспасөз — қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, ел өміріндегі маңызды өзгерістерді жұртшылыққа жеткізетін негізгі құралдардың бірі. Әсіресе, өңірлердің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың талап-тілегін жеткізуде мерзімді басылымның орны ерекше. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті.

Кездесуде отандық баспасөздің бүгінгі жағдайы, басылымдардың қоғамдағы рөлі және ақпарат саласындағы өзара әріптестік мәселелері сөз болды. «Қазақ газеттері» — еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар ірі медиа құрылымдардың бірі. Серіктестік құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Уйғур авази», «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Дружные ребята» газеттері мен журналдары кіреді. Әр басылымның өзіндік бағыты мен оқырманы бар. Олар қоғамдық-саяси өмірден бастап, ұлттық құндылықтар, мәдениет, әдебиет, білім мен тәрбие тақырыптарына дейінгі маңызды мәселелерді қамтиды.

Кездесу барысында аймақ басшысы дәстүрлі баспасөздің қоғам үшін маңызына тоқталып, журналистиканың жауапкершілігі мен ақпараттың сапасына қатысты пікір білдірді.

— Қоғам өзгерген сайын ақпарат тарату тәсілдері де жаңарып келеді. Дегенмен, қандай технология дамыса да, журналистиканың басты міндеті өзгермеуі керек. Ол — шынайы ақпарат тарату, елдің тыныс-тіршілігін көрсету, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеру. Газет-журналдар — жай ғана ақпарат құралы емес, ұлттың рухани жадын қалыптастыратын, ана тіліміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін маңызды институт. Сондықтан дәстүрлі баспасөздің беделін сақтау және оның сапасын арттыру — баршамызға ортақ міндет, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениеті мен қоғамдық өміріндегі жаңалықтарды кеңінен насихаттауда республикалық басылымдармен байланыстың маңызын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде Ержан Байтілес басылымдардың қазіргі жұмыс бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы айтып, өңірлермен ақпараттық әріптестікті дамыту мәселелеріне тоқталды.

Новые статьи

Полицейские ВКО рассказали сотрудникам «Казцинка» о схемах интернет-мошенничества

Сотрудники управления по противодействию киберпреступности департамента полиции ВКО провели профилактическую встречу с коллективом АО «Казцинк». Полицейские рассказали работникам предприятия о распространенных способах обмана через телефонные...

Аким ВКО встретился с руководителем объединения республиканских газет

Будущее печатных СМИ, доверие читателей и сотрудничество региональной прессы с республиканскими изданиями стали темами встречи акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова с генеральным директором ТОО...

Федерация хоккея Казахстана опровергла сообщения о поддержке бойкота российских игроков

Казахстанская федерация хоккея заявила, что сообщения в зарубежных СМИ и социальных сетях о якобы поддержке бойкота российских хоккеистов не соответствуют действительности. В федерации подчеркнули, что...

В национальном каталоге товаров РК деактивируют более миллиона дублирующих карточек

Национальный каталог товаров (НКТ) планирует 14 ноября 2026 года отключить 1 019 195 карточек, признанных дубликатами. Мера направлена на оптимизацию каталога и повышение качества...