ШҚО сотында мүлік даулары талқыланды

Шығыс Қазақстан облыстық сотында мүлікті ұзақ уақыт иелену (иелену ескіруі) негізінде меншік құқығын тану істері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Дөңгелек үстел барысында судьялар мен заңгерлер жылжымайтын мүлік пен жер телімдеріне қатысты дауларды, сондай-ақ мүлікті иелену дерегін дәлелдеу қиындықтарын ортаға салды.

Кездесуді облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Салатов жүргізді. Талқылауға судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттар мен заң консультанттары қатысты.

Жиындағы басты тақырыптардың бірі – мүлікті адал, ашық әрі үздіксіз иеленгенін қалай дәлелдеу керек деген мәселе болды. Қатысушылар осы жайттарды растау жолдарын, үй-жай мен жер дауларын қараудың ерекшеліктерін талдады. Судьялар мен заңгерлер тәжірибе бөлісіп, заңнаманы қолдану кезінде кездесетін кедергілер мен сот тәжірибесіндегі жекелеген мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша «Иелену ескіруіне байланысты мүлікке меншік құқығын тану туралы азаматтық істерді қарау бойынша» әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Құжатта мұндай істерді қараудың негізгі құқықтық тәсілдері жинақталған.

Мамандар сот процесіне нақты кімдердің қатысуы тиіс екенін анықтауға, ұсынылған дәлелдемелерді бағалауға және дауды қарау кезінде мүлік түрлерінің ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударды.

Дөңгелек үстел азаматтық істерді қарау сапасын арттыру және заңнаманы бірізді қолдану мақсатында ұйымдастырылды.

Новые статьи

ШҚО-ның үш тұрғыны дүкеннен тауар ұрлады деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысында полиция дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен үш ер адамды анықтады. Келтірілген шығын көлемі – 120 мың теңге. Тергеу мәліметінше, ер адамдар бірігіп...

Троих жителей ВКО подозревают в краже товара из магазина

В Восточно-Казахстанской области полиция установила троих мужчин, которых подозревают в краже из магазина. Ущерб составил 120 тысяч тенге. По данным следствия, мужчины действовали сообща. Они...

Бұқтырма су электр станциясы алпыс жылдан астам уақыт бойы Ертістің қуатын электр энергиясына айналдырып келеді

1960 жылы іске қосылған алып гидротехникалық нысан осы уақыт ішінде миллиардтаған киловатт-сағат электр қуатын өндірді. Бұл көрсеткіштің артында бірнеше буын энергетиктің еңбегі, заманауи технологиялар...

Более шести десятилетий Бухтарминская гидроэлектростанция превращает силу Иртыша в электричество

За внушительными масштабами гидротехнического сооружения (а ГЭС была запущена в 1960 году) стоят миллиарды киловатт-часов электроэнергии, современные технологии, многомиллиардные инвестиции и труд нескольких поколений...