Өскемен тұрғындары мектепке баратын жолдарда жарықтың жеткіліксіз екеніне әлі де шағымданып жатыр. Бұл әсіресе үйіне қараңғы түскенде қайтатын екінші ауысым оқушыларына қиындық туғызып отыр.
Қаланы аралау кезінде Өскемен әкімі Алмат Ақышов жауапты қызметтердің назарын осы мәселеге тағы да аударып, тұрғындардың әр өтінішін жеке қарауды тапсырды.
– Мектепке баратын жолдарға қатысты сын айтылып жатыр. Толық атқарылмаған жұмыстар бар. Әр өтінішпен жеке жұмыс істеңіздер, кім жазғанын қарап, сол жерге барып, кемшіліктерді жойыңыздар. Бұлай болмауы керек, – деді қала әкімі.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін жауапты қызметтерге тапсырмалар берілді. Мектептер маңын жарықтандыру мәселесі бақылауда.

