ШҚО кәсіпорындарында биыл жазатайым оқиғалардан 9 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда жыл басынан бері 74 жазатайым оқиға болып, 94 адам зардап шекті.

Өңірде биыл еңбек заңнамасын бұзудың 456 дерегі анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаменінің инспекторлары жалпы саны 350 тексеру жүргізіп, заң талаптарының орындалуын бақылады.

— Жыл басынан бері бізге жеке және заңды тұлғалардан 2 мыңнан астам өтініш түсті. Олардың басым бөлігі еңбек қатынастарына қатысты. Тексеру нәтижесінде 212 нұсқама беріліп, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 19,6 млн теңгеге айыппұл салынды, — дейді департамент басшысы Бақытбек Қизатов.

Облыс кәсіпорындарында 74 жазатайым оқиға тіркеліп, 94 адам зардап шеккен. Оның ішінде 9 адам қаза болып, 46 адам ауыр жарақат алды.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері — жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.

— Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ биыл жұмыскерлерге 293,6 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі төленіп, 964 адамның еңбек құқықтары қорғалды, — дейді Бақытбек Қизатов.

Алайда әлі күнге дейін екі кәсіпорынның 19 жұмыскерге 16,5 млн теңге жалақы берешегі қалып отыр.

Новые статьи

В Казахстане изменили правила сдачи экзаменов на водительские права

Кандидаты в водители смогут пересдавать теоретический и практический экзамены уже на следующий рабочий день после предыдущей попытки. Однако после двух отрицательных результатов придется ждать...

Сотрудники МЧС Казахстана проверяют безопасность в домах родителей перед отопительным сезоном

В Алматы специалисты проверили газовое оборудование и вентиляцию в доме матери начальника Центра стратегического планирования и оперативного управления МЧС Азамата Жунусова. Профилактический визит прошел...

В школах Казахстана обсудили новые подходы к оцениванию знаний младшеклассников

Письменные работы помогают учителям выявлять пробелы в знаниях учеников, а детям – анализировать собственные ошибки и развивать грамотность. Своим мнением о новых подходах к...

На ASTAUFEST в Астане выбрали лучших поваров, пекарей и кондитеров года

В VII международном гастрономическом фестивале ASTAUFEST приняли участие более 200 представителей свыше 30 организаций образования из Казахстана и других стран. Главными темами конкурса стали...