Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Рауан Жампеисов ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Рауан Асылханұлы 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Глубокое ауданында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму және ішкі саясат басқармаларында басшының орынбасары, Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.
2026 жылдың шілдесінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

