«Күміс жас» жобасы арқылы 50 жастан асқан 9 мыңнан астам қазақстандық жұмыс тапты

Жыл басынан бері 50 жастан асқан 9,2 мыңнан астам қазақстандық «Күміс жас» жобасына қатысты. Бұл жылдық жоспардың 92%-дан астамын құрайды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жоба аясында ең көп адам Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында жұмыспен қамтылды. Қатысушылардың 54,4%-ы – әйелдер, 63,2%-ы – ауылдық жерлердің тұрғындары.

«Күміс жас» жобасы мансап орталықтарында тіркелген 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға арналған. Жобаға 36 айға дейін қатысуға болады.

Осы кезеңде мемлекет еңбекақының бір бөлігін төлейді. Алайда субсидия көлемі айына 30 АЕК-тен аспайды. Оның мөлшері жыл сайын біртіндеп азаяды: бірінші жылы мемлекет жалақының 70%-ын, екінші жылы 65%-ын, үшінші жылы 60%-ын өтейді.

Жұмыс берушілерге қойылатын маңызды талап та бар. Жоба аяқталғаннан кейін олар қатысушыны тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуі керек. Зейнеталды жастағы азаматтар кемінде бір жылға, ал 58 жастан асқан адамдар зейнетке шыққанға дейін жұмысқа орналастырылуы тиіс.

Осындай мысалдардың бірі Абай облысында бар. Қарлығаш Абылғазина жобаға үш жыл қатысты. Кейін «Тынышбаев» ЖК оны тұрақты негізде аспаз қызметіне жұмысқа алды.

– Жобаның арқасында мен жай ғана жұмыс тауып қойған жоқпын. Тұрақтылыққа қол жеткізіп, өзімді қайтадан қажетті әрі сұранысқа ие маман ретінде сезіндім. Елу жастан асқанда жақсы жұмыс табу оңай емес. Сондықтан «Күміс жас» жобасы маған үлкен қолдау болды. Үш жыл ішінде қолымнан не келетінін көрсете алдым. Қазір тұрақты жұмыс істеп жүргеніме қуаныштымын. Құрдастарыма айтарым: байқап көруден қорықпаңыздар! Біздің жаста өмір де, еңбек жолы да жалғаса береді, – деді Қарлығаш Абылғазина.

Жоба қатысушыларға табысын сақтап, әлеуметтік белсенділігін жалғастыруға мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілер тәжірибелі мамандарды тарта алады. Мемлекет еңбекақы шығындарының бір бөлігін субсидиялап, жоба аяқталғаннан кейін қатысушының тұрақты жұмыс орнында қалуына жағдай жасайды.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана выпустит серебряную монету «AQYQ», которую можно носить как украшение

Национальный Банк Казахстана 27 октября 2026 года начнет продажу коллекционной монеты «AQYQ» из серии «Магические символы». Монету из серебра 925 пробы украсили вставкой из...

Житель Астаны получил два года ограничения свободы за продажу поддельных билетов на концерт

В Астане 30-летнего мужчину осудили за мошенничество при продаже билетов на концерт через соцсеть Threads. Он обманул двух покупателей на общую сумму 90 тыс....

В Усть-Каменогорске сотрудники «Казцинка» получили квартиры в новом доме

В преддверии Дня Республики в Усть-Каменогорске вручили ключи от квартир в 60-квартирном жилом доме для сотрудников компании «Казцинк». Еще пять квартир в этом доме в...

В Казахстане выбрали 100 лучших студентов колледжей

В Казахстане определили победителей республиканского конкурса «Топ-100 студентов колледжей Республики Казахстан». В число лучших вошли студенты, отличившиеся профессиональными навыками, лидерскими качествами и инновационными проектами. На...