Құрылтай сайлауына 777 халықаралық байқаушы аккредиттелді

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының XIII отырысы өтті.

 

Отырысқа бейнеконференцбайланыс режимінде астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ облысәкімдері аппараттарының басшылары қатысты. Сонымен қатар отырысқа дәстүр бойынша халықаралық байқаушылар, саяси партиялардың, Сыртқы істер министрлігінің және БАҚ өкілдері шақырылды.

 

 

 

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

 

1. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру және оның қорытындыларын шығару тәртібі туралы;

 

2. «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің қорытындылары туралы».

 

Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы бір күн бұрын ОСК мүшелері инспекциялық сапарларын аяқтағанын атап өтті. Бұл сапарлар барысында еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелері қамтылды. Комиссия төрағасы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, сайлау учаскелерінің сайлауға жоғары деңгейде дайын екендігін атап өтті. Сонымен бірге сайлау күніне дейін шешілуі тиіс бірқатар өзекті мәселеге назар аударды.

 

«Сапарлар барысында комиссиялардың жұмысы және сайлау учаскелерінің дауыс беруге дайындығы жан-жақты зерделенді. Жекелеген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді. ОСК мүшелері сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне және мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай барлық сайлау учаскелерінде қолайлы температуралық режимді қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда кондиционерлердің жағдайын тексеру және желдету жүйелерімен жабдықтау қажет. Сондай-ақ дауыс беру күні жедел медициналық көмек көрсету қызметінің жұмысын күшейту керек. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардан аталған мәселелерді ерекше бақылауға алуды сұраймын. Инспекциялық сапарлар барысында айтылған барлық ескертулер толық пысықталып, олар бойынша қажетті шаралар 23 тамызға дейін қабылдануы тиіс», — деп ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сапарлар қорытындысын шығарды.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов дауыс беруді ұйымдастыру және оның қорытындыларын шығару тәртібі туралы баяндады. Оның айтуынша, дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының 61 елдегі 79 өкілдігінде ұйымдастырылады.

 

Дауыс беру 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Әскери бөлiмдерде, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, азаматтар тұратын мекендерде, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi өкiлдiктерiнiң жанынан құрылған сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне енгізілген бардлық азаматтар дауыс берген жағдайда, дауыс беруді аяқталды деп хабарлауы мүмкін.

 

Азамат Айманакумов сайлау учаскелерінде болу қағидаларын сақтаудың маңыздылығын да атап өтті.

 

«Дауыс беруге арналған үй-жайда болатын адамдар учаскелік сайлау комиссиясы белгілеген қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Тиісті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде болатын азаматтардың санын реттейді, тәртіпке жауапты болады және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының ережелерін бұзып, дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген кез келген адамның ол жерден кетуін талап етуге хақылы. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда дауыс беру процесіне қатысы жоқ басқа адамдардың болуына жол берілмейді. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі оның жұмысына қатысудан дереу шеттетіледі, ал байқаушы және өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша түрде қабылданған дәлелді шешімі бойынша үй-жайдан шығарылады», — деді Азамат Айманакумов.

 

 

ОСК мүшесі денсаулық жағдайына байланысты немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасауына орай сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтардың үйде дауыс беру мүмкіндігі бар екенін еске салды. Сондай-ақ Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күн мерзімде белгілейтінін атап өтті.

 

Өз кезегінде ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік отырысқа қатысушыларды сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жасалып жатқан жағдайлар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ол барлық сайлау учаскелерінде қолжетімді болатын дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпі бар арнайы трафаретті таныстырды. Осы бағытта Орталық сайлау комиссиясының негізгі мақсаты — көру қабілеті бұзылған азаматтарға өз бетінше дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

 

«Трафареттің мазмұны дауыс беруге арналған бюллетеньге толығымен сәйкес келеді және екі тілде әзірленген. Брайль қарпінің бедерлі-нүктелі таңбалары кәдімгі баспа мәтінімен салыстырғанда көбірек орын алатынын ескерсек, трафарет екі жақты етіп жасалған. Алдыңғы жағында бюллетеньнің атауы туралы ақпарат, ал артқы жағында сайлауға қатысатын саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» жолы жазылған. «Трафаретті әзірлеу және дайындау барысында бюллетеньге сәйкестік талаптары, сондай-ақ мамандар мен Брайль қарпін пайдаланушылардың практикалық ұсынымдары ескерілді», — деп атап өтті ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік.

 

 

 

Айта кетейік, Брайль қарпі бар мұндай трафарет — мүгедектігі бар адамдарға қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше дауыс беруге мүмкіндік беретін жалғыз тәсіл емес. Әрбір сайлау учаскесінде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Онда диагоналі кемінде 54 сантиметр болатын мониторы бар компьютер қарастырылған. Компьютерде партиялық тізімдерін ұсынған жеті саяси партия туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығына сәйкес бірыңғай форматта аудиоақпарат, сондай-ақ басқа да аудио- және бейнематериалдар орналастырылған. Арнайы бұрышта құлаққаптар, қосымша жарықтандыру құралдары және үлкейткіш лупа да қарастырылған.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман халықаралық байқаушыларды аккредиттеу жұмыстарының кеше, 17 тамызда аяқталғанын атап өтті.

 

«В Центральную избирательную комиссию от Министерства «Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 18 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 121 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД Байқаушылар миссиясынан — 8, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы — 4, ЕҚЫҰ ДИАҚБ Байқаушылар миссиясынан — 7, ШЫҰ миссиясынан — 6, Түркі академиясынан — 3 байқаушы бар. Сондай-ақ Қытай, АҚШ, Таиланд, Ұлыбритания, Түркия, Моңғолия, Үндістан, Индонезия, Франция, Ирак, Словакия, Өзбекстан, Филиппин, Жапония, Бельгия, Иордания, Сербия және Түрікменстан елдерінен 93 байқаушы ұсынылды», — деп хабарлады Мұхтар Ерман.

 

 

Осылайша Құрылтай сайлауын халықаралық байқауға 777 шетелдік байқаушы қатысады. Олар — 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның өкілдері. Сондай-ақ халықаралық байқаушылар қатарында 41 елдің парламенттерінен 138 депутат бар.

 

«Халықаралық байқаушылардың саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Олардың қатысуы сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді. Бұл — біздің халықаралық міндеттемелерді ұстануымыздың, сондай-ақ электоралдық салада халықаралық ұйымдар және шет мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқанымыздың дәлелі. Сондай-ақ басқа елдердің орталық сайлау органдарындағы әріптестеріміздің қатысатындығын атап өткім келеді. Олардың Қазақстанда өткізілетін сайлау науқандарына тұрақты қызығушылық танытып келе жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Құрылтай сайлауын байқауға 22 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, оның ішінде 11 сайлау комиссиясының төрағалары қатысады», — деп қорытындылады Нұрлан Әбдіров.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ-қа арналған брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Новые статьи

Восточноказахстанца осудили за преследование бывшей сожительницы

Житель Усть-Каменогорска на протяжении трех месяцев преследовал бывшую сожительницу, за что получил наказание в виде 160 часов общественных работ. Как сообщили в прокуратуре Восточно-Казахстанской области,...

В Зайсанском районе ВКО открылось добровольное противопожарное формирование «Ауыл құтқарушылары»

В селе Биржан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области открылось 238-е добровольное противопожарное формирование «Ауыл құтқарушылары». Пост будет обеспечивать пожарную безопасность сразу трех населенных пунктов, где...

В ВКО объем строительных работ вырос на 24,5% за семь месяцев

В Восточно-Казахстанской области по итогам января-июля 2026 года объем строительных работ увеличился на 24,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Регион вошел в...

Казахстанцам могут отменить ИПН при списании безнадежных кредитов

В Казахстане предложили освободить граждан от индивидуального подоходного налога при списании безнадежных кредитов, в том числе займов, оформленных мошенническим путем. Согласно действующему Налоговому кодексу, списанная...