ШҚО-да жыл басынан бері мемлекетке келтірілген шығынның 2,1 млрд теңгесі қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың басынан бері мемлекетке келтірілген 2,1 млрд теңге көлеміндегі шығын өтелді. Сонымен қатар күдіктілердің мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ең резонансты қылмыстық істердің бірі – «Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты іс. Сот айыпталушыларды қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану, аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру бойынша кінәлі деп таныды. Мемлекетке келтірілген 157 млн теңге шығынның өтелуі қамтамасыз етіліп, кінәлілер нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік субсидияларды заңсыз алу дерегі бойынша қозғалған іс те маңызды нәтижелердің бірі болды. Шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдалану арқылы 374 млн теңгеден астам мемлекеттік субсидияны заңсыз алған. Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Департамент заңсыз алтын өндіруге қарсы күреске де ерекше көңіл бөлуде. Биыл Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҰҚК және табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп Марқакөл ауданында заңсыз алтын өндірген топтың қызметін тоқтатты. Арнайы техника, өндірістік жабдықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Сонымен қатар Ұлан ауданында алтынды заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды. Заңсыз айналымнан құны 380 млн теңгеден асатын 6 келіден астам алтын, сондай-ақ арнайы техника тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 300 млн теңгеден асты. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...