Абай облысында түрмеден қашып кеткен адам ұсталды

Әлеуметтік желіде өңірдегі түрмелердің бірінде сотталған адамның қашып кеткені, әлі табылмай жатқаны жайлы ақпарат тарады. Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Бірақ ер адам қазір қолға түскен.

— Аталған сотталған азамат 2021 жылы шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Осы жылдың маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін оған тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. Серуендеу кезінде ол уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен. Жедел ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде ол ұсталып, қайтадан қамауға алынды, — делінген ақпаратта.

Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру тағайындалған.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...