Өскемен қаласының полиция қызметкерлері «Шешек» демалыс аймағындағы мүліктің бүліну дерегін анықтады. Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
— Облыс орталығына қонаққа келген елорданың 20 жастағы тұрғыны демалыс аймағында ерекше суретке түспек болған. Ол үшін «CHECHEK» сәндік жазуына шығып, соның салдарынан конструкцияны бүлдірген, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
Құқық бұзушының жауапкершілік мәселесін қарастыру аясында ол 24 сағатқа әкімшілік қамауға алынды. Одан әрі процессуаллық шешім қабылдау үшін материалдар Өскемен қалалық сотына жолданды.

