Үлкен Нарын аудандық соты жеке сот орындаушысының борышкердің көлік жүргізу құқығын уақытша тоқтату туралы ұсынымын қарады.
Іс материалдарына сәйкес, жеке сот орындаушысының өндірісінде А.-есімді азаматтан «Bereke Bank» АҚ пайдасына 1 545 679 теңге көлеміндегі берешекті өндіру туралы атқарушылық құжат бар.
Жеке сот орындаушысы сотқа жолдаған ұсынымында борышкердің атқарушылық құжат талаптарын орындаудан жалтарып жүргенін және қарызын өтемей отырғанын көрсеткен.
Осыған байланысты ол А.-ның арнайы құқықтарының, атап айтқанда көлік құралдарын басқару құқығын уақытша тоқтатуды сұрады.
Сот іс материалдарын зерделеп, жеке сот орындаушысының ұсынымын қанағаттандырды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

