Алты жылға сотталған Өскеменнің экс-әкімінің апелляциялық соты өтті

Пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Өскеменнің экс-әкімі, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтті.

20 мамырда ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Жақсылық Омардың апелляциялық ісі қаралды.

— Айыпталушы Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары, 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (алаяқтық және пара алу) сотталған болатын. Бірінші сатыдағы сот үкімімен Ж.Омар мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салына отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Іс жәбірленуші мен қорғаушылардың апелляциялық шағымдары негізінде қаралды. Олар тағайындалған жазамен келіспей, оны тым қатаң деп санаған, — деп хабарлады ШҚО сотынан.

Сот алқасы бірінші сатыдағы сот айыпталушының әрекеттерін дұрыс саралаған, ал жаза түрі мен мөлшері заң талаптарына қатаң сәйкес тағайындалған деген қорытындыға келді.

— Сондай-ақ сот ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғамдық қауіптілігін, мемлекеттік билік беделіне және қоғамның оған деген сеніміне нұқсан келтіретінін ескерді. Сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...