Шығыс Қазақстан құтқарушыларына жаңа ұшақ берілді

Бүгін облыс орталығындағы әуежайға L-410 ұшағы келіп қонды. Енді бұл ұшақ өңір құтқарушыларының кәдесіне жарамақ.

Ұшақты пайдалануға беру рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

— Халықтың, ел мүлкінің, табиғатымыздың қауіпсіздігі мәселелеріне Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше назар аударуының арқасында азаматтық қорғау жүйесінде материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұған өңірімізге жаңа әуе кемесінің келуі дәлел болып отыр. Бұл ұшақ төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін кеңейтеді. Тек соңғы екі жылда облыста құтқару жұмыстарын жүргізу және дала өрттерін сөндіру үшін жеті млрд теңгеден астам сомаға 200 апаттық-құтқару техникасы сатып алынды, — деді облыс әкімі.

L-410 ұшағы гуманитарлық көмекті жеткізуге, құтқарушыларды тасымалдауға және халықты жетуі қиын аудандардан эвакуациялауға арналған. Ол 2500 шақырымнан астам қашықтыққа ұшуға, 6100 метр биіктікке дейін көтерілуге және 19 жолаушыға дейін немесе 1800 келіге дейін жүк тасымалдауға қабілетті.

Ұшақ кабинасында дәл навигация мен ұшу параметрлерін толық бақылауды қамтамасыз ететін заманауи Garmin 3000 авионикасы бар. Бұл модель санитарлық авиацияға да бейімделген. Сондай-ақ бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен тиісті жүйелер орнатылған.

Айта кетейік, жуықта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұшақты сақтау және техникалық қызмет көрсету үшін ангар құрылысы басталған.

Новые статьи

В Астане на форуме для работников культуры обсуждают ИИ, креативные индустрии и новые форматы

В Астане начал работу республиканский форум «Мәдениет және инновация», приуроченный ко Дню работников культуры и искусства. Площадка собрала представителей учреждений культуры из всех регионов...

В ВКО продолжается ремонт трассы Усть-Каменогорск – Шемонаиха

В Восточно-Казахстанской области продолжаются работы по среднему ремонту участков республиканской автодороги «Алматы – Талдыкорган – Усть-Каменогорск – Шемонаиха – граница Российской Федерации (пункт пропуска...

ШҚО-да 90 млн теңге көлеміндегі заңсыз мемлекеттік сатып алулардың өткізілілуіне тосқауыл қойылды

Ұлан ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың заң бұзушылықтарын анықтады. Анықталғандай, 5 ауылдық округтің әкімдіктері 2026 жылға...

Казахстан усиливает ветеринарную безопасность

Страна принимает участие в 93-й Генеральной сессии Всемирной организации здоровья животных которая проходит с 18 по 22 мая в Париже. В повестке – биобезопасность,...