ШҚО-да екі әуежайдың құрылыс қарқыны қандай?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысып, өңірде авиация саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Аймақ басшысы авиациялық инфрақұрылымды дамыту Шығыс Қазақстанның көлік қолжетімділігі мен туристік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлар салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда Зайсан әуежайының құрылысы 76 пайызға аяқталған. Әуеайлақтың негізгі бөлігі — ұшу-қону жолағы, перрон және рульдеу жолы толық салынып бітті. Қазір ғимараттар, инженерлік инфрақұрылым, автожолдар мен аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Ал Катонқарағай ауданындағы әуежай құрылысы 55 пайызға орындалған. Қазіргі уақытта жасанды ұшу-қону жолағына асфальтбетон жабынының екінші қабатын төсеу, ғимараттар мен инженерлік желілер салу, кіреберіс жолдар мен периметрлік қоршау орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Жоспар бойынша Зайсан әуежайының құрылысы осы жазда, ал Катонқарағайдағы нысанның құрылысы күздің басында аяқталмақ. Ал қажетті сертификаттау рәсімдерінен кейін екі әуежайды да толық пайдалануға беру жыл соңына дейін жоспарланған.

Әр нысанда 57 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезеңінде 320 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.
Жаңа әуежайлардың операторлық қызметін «Өскемен әуежайы» АҚ атқарады.

Бұдан бөлек, өңірде әуе бағыттарының желісін қалыптастыру және әуе компанияларын тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Алғашқы кезеңде Өскемен – Астана – Алматы бағыттары бойынша ішкі рейстерді іске қосу, кейіннен халықаралық бағыттарды дамыту көзделіп отыр.

«Шығыс Қазақстанда Өскеменнен Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Түркістан қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ашуға қызығушылық бар. Тиісті өтінімдер Көлік министрлігіне жолданды. Осы жобалардың жүзеге асуы өңірдегі жолаушылар ағынын жылына 700 мыңнан 800 мың адамға дейін арттырып, туризмнің дамуына серпін береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Үкімет отырысына қатысушылар Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін және оның ICAO халықаралық стандарттарына сай келетінін ерекше атап өтті. Айта кетейік, Қазақстан ұшу қауіпсіздігі мен халықаралық авиациялық талаптарға сәйкестік бойынша әлемдегі үздік 20 елдің қатарына енді.
Сонымен қатар биыл 11 халықаралық әуе бағытын ашу және қайта жандандыру жоспарланып отырғаны айтылды. Олардың қатарында Астана – Ұлан-Батыр, Алматы – Токио, Астана – Гуанчжоу, Қостанай – Ташкент, Алматы – Измир және басқа да бағыттар бар.

Ал облыс орталығы Өскемен әуежайында цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде. Атап айтқанда, жолаушылар мен багажды тіркеудің автоматтандырылған жүйесі, цифрлық ақпараттандыру арналары, бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау жүйелері, электронды құжат айналымы мен әуе тасымалдарын басқарудың заманауи жүйелері іске қосылуда.

Үкімет отырысында азаматтық авиация саласын кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Соңғы төрт жылда елімізде авиациялық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер саны 72 пайыздан астам өскен.
Шығыс Қазақстан облысында авиация саласын дамыту мәселесі өңір басшылығының тұрақты бақылауында.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...