ШҚО-да денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде денсаулық сақтау жүйесінің жыл басынан бергі жұмысы қорытындыланып, алдағы басым міндеттер айқындалды. Негізгі назар – облыс орталығы халқы санының артуына байланысты медицинаға түсетін жүктеменің өсуіне аударылды.
Жиын барысында атап өтілгендей, тұрғындар санының өсуімен бірге медициналық көмекке жүгінушілер саны да артып келеді. Осы ретте облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов басты көрсеткіш ретінде тек қолжетімділік емес, көрсетілетін қызметтің сапасы да маңызды екенін атап өтті.

Жиналыста онкологиялық көмекке ерекше көңіл бөлінді. Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастардың басым бөлігі егде жастағы адамдар екенін айтты. Бұл өңірдің демографиялық ерекшеліктерімен тікелей байланысты, себебі халықтың едәуір бөлігін зейнеткерлер құрайды.
Осыған байланысты ерте диагностиканың маңызы арта түсуде. Жиынға қатысушылар емханалар профилактикалық жұмысты күшейтіп, скринингтер мен қосымша тексерулердің ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті. Өйткені дертті дер кезінде анықтау емдеудің тиімділігін айқындайды.

Сонымен қатар акушерлік қызмет саласы да баса назар аударуды қажет етеді. Облыс бойынша жылына шамамен 7 мыңға жуық әйел босанса, соның 6 мыңға жуығы Өскемен қаласына тиесілі. Бұл Ана мен бала орталығына түсетін жүктемені арттырып отыр.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы аталған мекеме сапалы әрі қауіпсіз босануды қамтамасыз ету үшін қосымша жабдықтармен қамтамасыз етуді қажет ететінін жеткізді. Бұдан бөлек, көшпелі медициналық қызмет түрлерін дамыту және аудандардағы медициналық көмекті күшейту қажеттігі айтылды.

Вакцинация жұмыстары оң бағаланып отыр. Жуырда өңірге жасаған сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова шығысқазақстандықтардың шамамен 95 пайызы әлеуметтік маңызы бар және қауіпті ауруларға қарсы екпе алғанын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Кеңесте медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін азайту және кадр тапшылығын кезең-кезеңімен шешу мәселелері де қаралды. Сондай-ақ Өскемен жоғары медициналық колледжінің жай-күйі талқыланды. Облыс әкімі ағымдағы жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау, студенттерге арналған оқу орындарының тапшылығы мәселесін бақылауға алу міндеттерін қойды.

Жиын қорытындысы бойынша өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты мәселелерді жедел шешу үшін мұндай кеңестерді тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...