Өскеменде түнде кәмелетке толмағандарды кіргізген мекемелерді жауапқа тартуда заңбұзушылықтарға жол берілген

Өскемен қаласының прокуратурасы ойын-сауық орындарының кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта кіргізгені үшін жауапкершілікке тарту барысында жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Тексеру нәтижесінде, түнгі клубтар мен өзге де мекемелерде жасөспірімдердің жүргені жайлы деректер анықталған жағдайда жауапкершілік көбіне әкімші немесе басқа да қызметкерлер секілді жекелеген тұлғаларға жүктелгені белгілі болды. Ал мекеме иесінің әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілмеген.

Прокуратура мәліметінше, құқықбұзушылықтар қайталанғанның өзінде істер ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі бойынша сараланған. Себебі әр жолы бір мекеменің әртүрлі лауазымды тұлғалары жауапқа тартылып отырған. Соның салдарынан мекемелерге қатысты қатаң шаралар іс жүзінде қолданылмай келген.

— Мұндай формалды тәсіл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында еркін жүруіне жағдай жасаған. Тексеру қорытындысы бойынша қала прокуратурасы анықталған заңбұзушылықтарды жоюды талап етіп, прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Уәкілетті органдарға құқықбұзушылықтарды дұрыс саралау қажеттігі ескертілді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...