ШҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 50 мыңнан асып кетті

Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан өңір бойынша жіті респираторлық вирустық инфекцияның 52 008 жағдайы тіркелді.
Ауырғандардың жартысынан астамы — 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың саны 30 233 адамды құрайды.
— Жыл басынан бері зертханалық жолмен расталған тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Зертханалық талдаулар нәтижесінде анықталған басқа вирустардың ішінде ең көп тарағаны — риновирус (28 жағдай). Одан кейін коронавирус — 16, респираторлық-синцитиалдық вирус — 11, аденовирус — 10, метапневмовирус — 5 және бокавирус — 1 жағдай, — делінген ақпаратта.
Мамандар ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілеріне жоғары температура, жалпы әлсіздік, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жататындығын еске салды. Аурудың алдын алу үшін бөлмені жиі желдетіп, қолды мұқият жуып, антисептик құралдарын қолдану қажет.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...