Өскеменде автобус бағыттарының саны артпақ

Өскемен қаласында қоғамдық көлікті жаңарту және маршруттық желіні дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов тұрғындармен өткен есептік кездесу барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұрғын аудандардың кеңеюіне байланысты автобус бағыттары мен рейстер санын көбейту қажеттілігі туындап отыр. Осындай мәселелердің бірі Әл-Фараби даңғылының тұрғындары тарапынан көтерілді. Аталған ауданда бірнеше көпқабатты тұрғын үй орналасқанымен, қазіргі қоғамдық көлік бағыты жолаушылар ағынын толық қамти алмай келеді.

Осыған байланысты қала әкімі тиісті қызметтерге мәселені пысықтауды тапсырды. Атап айтқанда, қолданыстағы бағыттағы рейстер санын көбейту және қосымша автобус шығару мүмкіндігін қарастыру қажет.

Алмат Ақышов облыс орталығында автопаркті жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өткен жылы қала үшін 45 жаңа автобус, 14 шағын автобус және үш заманауи трамвай сатып алынған.

Сонымен қатар жақын уақытта Өскеменге 12 электрлі автобус жеткізіледі. Олар қалалық бағыттарда пилоттық режимде қызмет көрсетеді. Әкімнің айтуынша, экологиялық таза көлікті енгізу — қаланың қоғамдық көлік жүйесін жаңғыртудың маңызды қадамы болмақ.

Новые статьи

Пять школьников из Казахстана представляют страну на Европейской физической олимпиаде

С 12 по 16 июня 2026 года в городе Гётеборг, Королевство Швеция, проходит 10-я Европейская физическая олимпиада European Physics Olympiad, EuPhO 2026. В одном из...

«Байтерек» расширяет возможности для отечественного бизнеса в инвестпроектах

АО «Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек» расширяет подходы по развитию внутристрановой ценности в крупных инвестиционных проектах, которые финансирует группа компаний холдинга – отечественным производителям хотят...

Студенты из Казахстана первыми в Центральной Азии разработали марсоход

Идея проекта появилась несколько лет назад, когда студентка Назарбаев Университета Егине Агаджанян вместе с единомышленниками решила создать команду по разработке марсохода. Уже спустя несколько...

В ВКО суд защитил права наследницы

В Восточно-Казахстанской области суд рассмотрел спор между гражданкой П. и регистрирующим органом – государственной корпорацией «Правительство для граждан». Женщина оспаривала отказ в государственной регистрации...