Өскеменде қоқыс толған пәтердің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өскемен қаласында полицейлер Ауэзов тұрғын үйде болған өрт дерегі бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Өрт 5 ақпан күні Әуезов даңғылы бойындағы №49Б мекенжайындағы көпқабатты үйде шыққан. Пәтер іші шамадан тыс қоқыспен толып кетуіне байланысты өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 8 сағаттан астам уақыт бойы күресті.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Ертіс полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде өрттің нақты шығу себебі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...